Қыздар университетінің әлеуметтік желілерде ресми парақшалары ашылды

 

АЛМАТЫ. 12 қараша. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Twitter, Instagram, Facebook, Google+ және Вконтакте желілерінде ресми парақшалары ашылды. Медиа департаментінің бұл бастамасы оқу орнының ақпараттық саясат жүйесін оңтайландыру және жаңғырту мақсатында қолға алынып отыр.
 
Желілерде университет жаңалықтары, хабарландырулар мен өзге де қызықты деректер күнделікті қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде сапалы фотолармен жарияланып тұрмақ. Сонымен қатар, алдағы уақытта YouTube порталында «Qyzdar Yniversiteti» интернет телеарнасын ашу жоспарланып отыр. Оған апта сайын университеттегі маңызды оқиғалар мен іс-шаралар жаңалықтар форматында тұрақты жарияланатын болады.
 
– Бүгінде бұқаралық коммуникация құралдары қарқынды дамуда. Осы үрдістің нәтижесінде журналистиканың һәм масс-медианың өзіне тән тың формасы дүниеге келді. Ол – интернет журналистика. Қазіргі күнде хабарламаларды, жаңалықтарды кең ауқымда тарату мақсатында әлеуметтік желілер кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, ол интернет ұсынатын мүмкіндіктердің ең танымалы болып отыр. Бұл – әлеуметтік желіні қолданушылардың саны күн санап артып келеді деген сөз, – деді Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Жандар Асан.
 
«QYZDAR YNIVERSITETI» MEDIA ORTALYGY
Tel.: 8 (727) 279-38-17
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
facebook: qyzdaryniversiteti
вконтакте: qyzdaruniver
instagram: qyzdar_yniversiteti