Балуан қыздар жүлдемен оралды

 

АЛМАТЫ. 10 қараша. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің командасы самбо күресінен өткен жарыста қола медальға ие болды. ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы IX Жазғы Универсиада ойындары аясындағы байрақты бәсеке Талдықорған қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде ұйымдастырылды.
 
Дүбірлі додаға 13 білім ордасынан 100-ден астам спортшы қатысты. Әр команда құрамында Әлем және Азия чемпиондары, Халықаралық турнирлердің жеңімпаздарынан құралған 8 балуан бар.
 
Сайыстар спорттық және әскери самбодан 5 салмақ дәрежесі бойынша өтті.
 
– Бұл жарыста Қыздар университетінің намысын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында оқитын 8 балуан қорғады. Аққал Өтебек, Анар Құралбай, Алина Сатыбалды, Мөлдір Қойбағар, Шапағат Нартай, Күлімшат Еркін, Ақерке Оразбек және Жанна Құдайберген сынды самбо және дзюдодан спорт шеберлері үмітті ақтап, жеңіс тұғырына көтерілді. Алға қойған межеміз орындалды, – деді Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісі Әлия Есельбаева.
 
«QYZDAR YNIVERSITETI» MEDIA ORTALYGY
Tel.: 8 (727) 279-38-17
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
facebook: qyzdaryniversiteti
вконтакте: qyzdar_yniver
instagram: qyzdar_yniversiteti