Қыздар университетінің ауыр атлеттері екінші орынға ие болды

 

АЛМАТЫ. 9 қараша. Media_Ortalyq – Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен IX Жазғы Универсиада ойындарында ауыр атлетикадан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің құрама командасы екінші орынға ие болды.
 
Қазан айының 10-15 күндері аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің спорт кешенінде ұйымдастырылған жарысқа қыздардан құралған 7 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
 
Түрлі салмақ дәрежелерінде сынға түскен Қыздар университетінің спортшылары өздеріне берілген мүмкіндіктердің барлығын сәтті пайдаланды.
 
Бес күнге жалғасқан зілтеміршілер бәсекесінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің спортшылары жеңімпаз атанса, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері 3 күміс, 5 қола медальға ие болып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Ал, үшінші орын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің атлеттеріне бұйырды.
«QYZDAR YNIVERSITETI» MEDIA ORTALYGY
Tel.: 8 (727) 279-38-17
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
facebook: qyzdaryniversiteti
вконтакте: qyzdar_yniver
instagram: qyzdar_yniversiteti